Клиенттерге арналған қызметтер

RTG Group Ресейде, Қазақстанда, Еуропада және Таяу Шығыста жұмыс жасайтын халықаралық компанияларға басқарушы буын қызметкерлерін іздеу және іріктеу, рекрутинг және аутсорсинг жөніндегі қызметтердің толық кешенін ұсынады.

Бізде жоғары білікті және тәжірибелі үміткерлердің кең дерекқоры бар, оны тұрақты түрде жаңартып тұрамыз және клиенттерімізге ұсынуға дайынбыз.

RTG клиенттеріне жоғары санатты кәсіпқой басшыларды іріктеу бойынша көмек көрсету жағынан өте жоғары жетістіктерге ие.

Біз ең озық үміткерлерді ғана ұсынамыз. Ол үшін RTG қызметкерлері әр үміткермен егжей-тегжейлі сұхбаттасу арқылы іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу барысында олардың бұрынғы жұмыс орындарындағы деректерді зерделеу, ұсынылған ұсынымдарды тексеру, жеке қасиеттерге, техникалық сауаттылыққа және жұмыс тәжірибесіне қатысты талаптарға сәйкестік сияқты критерийлерге назар аударамыз.

Банк инвестициялары

Біз инвестициялық банкілер үшін жоғары буын басшылары мен техникалық мамандарды іздейміз және іріктейміз.

Мұнай және газ

Біз клиенттерімізге мұнай-газ өнеркәсібінің сан түрлі салалары бойынша, соның ішінде бұрғылау, ұңғымалық операциялар, инженерлік жұмыстар мен қосалқы қызметтер бойынша білікті де тәжірибелі мамандар енгізілген жоғары класты дерекқорды пайдалана отырып қолдау көрсетеміз.

Кәсіби қызметтер

Біз бухгалтерлік және консалтингілік фирмалар үшін, соның ішінде аудит, салық салу және консультациялық қызметтер бойынша мамандарды жұмысқа қабылдаумен айналысамыз.

Капиталды жеке инвестициялау

Біз жеке компаниялар үшін инвестициялау және қаржылық қолдау саласындағы кәсіпқой мамандарды іздейміз және іріктейміз.

Күнделікті сұраныс және тұтыну тауарлары

Біз тұтыну тауарларын сату, маркетинг, сауда ісін ұйымдастыру, сатып алу және логистика жөніндегі сарапшыларды іздейміз.

Фармацевтика

Біз фармацевтикалық және медициналық компаниялар үшін мамандар іріктейміз.

Клиенттеріміздің ішінде UBS, KPMG, Pepsi, Accenture, BP, Shell және Schlumberger сияқты компаниялар бар.

RTG Group жай ғана кадрларды іздеу және іріктеу ісінде де, жоғары буын басшыларының лауазымдары бойынша жұмысқа тарту немесе кез келген сандағы қызметкерлер топтарының кешенді аутсорсингі ісінде де әрдайым клиенттері үшін оңтайлы шешімдерді іздейді.

Бұл ретте RTG-ның кешенді аутсорсинг бойынша көрсететін қызметтері мыналарды қамтиды:

  • Шетелдік қызметкерлерге төлемақы төлеу
  • Толық бухгалтерлік есеп
  • Қызметкерлерге қатысты салық салуға байланысты барлық аспектілер бойынша жұмыс
  • Логистикалық қолдау, соның ішінде визалар, жұмысқа тарту рұқсаттарын алу, жол сапарларын және тұрғынжайларға орналастыруды ұйымдастыру
  • Сақтандыру


Мердігер қызметкерлерді ұсыну

RTG Group-та инженерлік жұмыстар, басқару және лингвистикалық қамсыздандыру жөніндегі мамандар тіркелген ауқымды дерекқор бар. Дерекқор компанияның Ресейде және ТМД елдерінде жұмыс жасаған көптеген жылдар бойы жүргізіліп келеді.

RTG жинақтаған тәжірибе клиенттерімізге сан түрлі салалардағы біліктілігі жоғары және тәжірибелі мамандарды қамтитын дерекқорды пайдалана отырып қолдау көрсетуімізге мүмкіндік береді.

Қызметкерлеріміздің бәрі де жоғары білімді және келесі мамандықтар бойынша батыс компанияларында жұмыс жасауда жеткілікті тәжірибелері бар:

  • Жобалау, механикалық жабдықтар, электр жабдықтары және БӨА
  • Оқыту, ауызша және жазбаша аудармалар/li>
  • Басқару, іскерлік әкімшілік жүргізу және хатшылық қызметтер
  • Қаржы және бухгалтерлік есеп
  • Кадрлар
  • Ақпараттық технологиялар
  • Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау
  • Логистика
  • Жобалардың менеджерлері
  • Түрлі салалардағы жоғары буын басшылары


RTG жұмыстар жүргізілетін елдерде қызметкерлердің аутсорсингі бойынша жан-жақты қызмет көрсетеді.

Біз мердігер қызметкерлерге байланысты келесі мәселелерді шешеміз:

  • Шетелдік қызметкерлерге төлемақы төлеу
  • Толық бухгалтерлік есеп
  • Қызметкерлерге қатысты салық салуға байланысты мәселелер
  • Заңнамалық консультациялар
  • Сақтандыру
  • Қызметкерлердің жұмыс орындарын ауыстыруына қолдау көрсету (визалар, жұмысқа тарту рұқсаттарын алу)